Аслан Галаев 2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуге үміткерлер тізіміне енді

Аслан Галаев 2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатында төрелік етуге үміткерлер тізіміне енді

02 қазан 2025, 11:37
ФИФА төрешісі, қазақстандық Аслан Галаев 2026 жылдың қаңтар-ақпанында Латвия, Литва және Словенияда өтетін футзалдан Еуропа чемпионатына төрелік ететін үміткерлер қатарына қосылды.

Дайындық аясында А.Галаев пен басқа да үміткерлерге 13-16 қазанда Словенияның Любляна қаласында өтетін УЕФА-ның арнайы төрешілерге арналған курстарына шақыру келді.

Курс бағдарламасында ережелерді біркелкі түсіндіру бойынша нұсқаулықтар алу, қажетті физикалық дайындық деңгейін сақтау бойынша ұсыныстар, ойын кезіндегі шешім қабылдау механизмдерін пысықтау, сондай-ақ физикалық дайындық бойынша тест тапсыру қарастырылған.

Айта кету керек, 2022 жылы Аслан Галаев Испанияда өткен футзалдан жасөспірімдер Еуропа чемпионаты матчтарына төрелік етіп, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті.

Бөлісу
Жоғары