Көкшетауда UEFA бұқаралық футбол апталығы аяқталды

Көкшетауда UEFA бұқаралық футбол апталығы аяқталды

01 қазан 2025, 15:56
Ақмола облысында UEFA grassroots week апталығы өтті.

Шараға 90-ға жуық бала қатысып, жасыл алаңда өз шеберліктерін шыңдады.

Бұл балалар мен жасөспірімдерді футболға баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

UEFA Grassroots Week тек бұқаралық футболды дамытып қоймай, елімізде футбол инфрақұрылымының сапасын арттыруға ықпал етеді.

- Қатысушыларға қолайлы жағдай жасап, жақсы тәжірибе берді. Осы шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстан футбол федерациясына алғысымды білдіремін. Бүгінгі шара балалар үшін өте маңызды деп санаймын. Себебі олардың арасында футболға алғаш қадам басқан балалар бар. Олар да өзін жасыл алаңда байқап көруде. Шара жоғары деңгейде өтті,-деді «Энергетик» ФК директоры Александр Горда.

- Мен футболды төрт жасымнан ойнаймын. Бүгінгі шара маған ұнады. Болашақта кәсіби футболшы болғым келеді ,-деді шараға қатысушы Арлан Қалиолла.

UEFA Grassroots Week аясындағы іс-шаралар еліміздің бірнеше аймағында өткізіліп, балаларға футболдың қуанышын сезінуге мүмкіндік берді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары