UEFA Grassroots Week Қостанайда: балаларға футбол ойнау қуанышын сыйлады

UEFA Grassroots Week Қостанайда: балаларға футбол ойнау қуанышын сыйлады

01 қазан 2025, 15:40
Қостанайда бұқаралық футбол апталығы шарасы «Тобыл аренада» ұйымдастырылып, оған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен «Тобыл» футбол орталығының тәрбиленушілері мен келуге ниет білдірген балалар қатысты. Жалпы шара 90 баланы қамтыды.

ҚФФ UEFA grassroots week шарасын ұйымдастыруда қатысушылардың санына емес, олардың ойнау жағдайы мен тәжірибесін жақсартуға баса мән береді. Барлық қатысушыға ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру арқылы футболдың дамытуға оң ықпал етеді. 

Қостанай футбол қауымдастығы Қазақстан футбол федерациясымен бірлескен түрде осындай үлкен шара өткіздік. Шарада балалар футболдағы өз қабілеттерін шыңдап, кейбірі алғаш рет доп теуіп көрді. Бұл шара аймақтағы балалар футболын дамытуға қосымша серпін береді деп есептеймін,-деді «Тобыл» ФК менеджері Марат Күзембаев. 

Мен футболмен төрт жасымнан айналысамын. Бүгінгі шара көңілді әрі ұмытылмастай өтті. Мен болашақта әлем чемпионатына қатысып, оны жеңгім келеді,-деді шара қатысушысы Сергей. 

Аталған шара салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарға оң құндылықтарды үйретуге, жаңа мүмкіндіктер мен даму жолдарын ашуға сеп береді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары