Алматыда футболдан босқындар арасындағы «Бейбітшілік ойындарының» төртінші турнирі өтті

Алматыда футболдан босқындар арасындағы «Бейбітшілік ойындарының» төртінші турнирі өтті

26 қыркүйек 2025, 15:37
Алматы қаласында UEFA Refugee Grant бағдарламасы аясында ұйымдастырылған босқындар арасындағы «Бейбітшілік ойындарының» төртінші турнирі өтті.

Биыл турнирге алты команда қатысты. Турнир әртүрлі жастағы ұлт өкілдерін біріктіріп, футболдың достық пен өзара түсіністіктің әмбебап тілі екенін тағы бір дәлелдеді.

Турнир нәтижесімен:

 1-орын – «Ашган»

 2-орын – «Алькудус»

 3-орын – «Альфа»

Үздік ойын көрсеткен ойыншылар келесідей номинациялармен марапатталды:

  • "Үздік ойыншы" – Асим Мохамад

  • "Үздік жас ойыншы" – Халик Сохаил

  • "Үздік қорғаушы" – Кудрати Ахмад-Фарух

  • "Үздік шабуылшы" – Рами Абдулла

  • "Үздік қақпашы" – Ханмохамад Сабыр

Турнир С.П. Квочкин атындағы «Қайрат» футбол академиясының базасында өтті.

Іс-шара УЕФА, БҰҰ-ның Қазақстандағы босқындар ісі жөніндегі агенттігі және ҚР "Қызыл Жарты Ай" қоғамының қолдауымен ұйымдастырылды.

«Бейбітшілік ойындары» жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар жеңіске деген ұмтылысы мен шынайы командалық рух көрсетті. Бұл турнир елімізде футболдың кең тарағанын дәлелдеп, спорттың жас пен шығу тегін талдамай, адамдарды біріктіре алатынына жарқын мысал болды.

 
Бөлісу
Жоғары