Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамалары Өзбекстан жолдастық ойындар өткізеді

Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамалары Өзбекстан жолдастық ойындар өткізеді

26 қыркүйек 2025, 14:50
Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы екі елдің жастар және жасөспірімдер құрамалары арасында жолдастық ойындар өткізу жөнінде келісімге келді.

12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын жоспарланған. Ал 3-14 қазан күндері аралығында Алматыда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында екі жолдастық матч өтеді.

Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы арасындағы ынтымақтастыққа көп жыл болды. Ұйымдар арасындағы қарым-қатынас әрқашан өзара құрмет пен серіктестікке негізделген. Соның бір айғағы – ұлттық құрамадан бастап балалар мен әйелдер құрамалары арасындағы жолдастық ойындар. Бұған дейін Шымкентте екі елдің U-16 жасөспірімдер құрамасы кездессе, Ташкентте WU-19 қыздар құрамалары өзара екі ойын өткізді. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық ойын өткізу жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Ал нақты жоспарға сәйкес, Қазақстан құрамасы қараша айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Бельгияға қарсы матчтан кейін Хорватияда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық ойын өткізеді.

Бөлісу
Жоғары