Астанада УЕФА «А» санаты бойынша бесінші оқу модулі басталды

Астанада УЕФА «А» санаты бойынша бесінші оқу модулі басталды

25 қыркүйек 2025, 14:38
Астанада УЕФА «А» санаты бойынша бапкерлерге арналған курстың бесінші модулі өтіп жатыр.

Бағдарламаға еліміздің әр өңірінен келген 21 тыңдаушы қатысуда. Оларға нұсқаушы әрі тәлімгер ретінде Константин Котов, Иван Азовский, Ефим Германович пен Станислав Погорелов жетекшілік етеді.

Бұл модульдің негізгі тақырыптары – 3-2 аймағында қорғаныс құру қағидасы мен прессинг. Сонымен қатар микроциклді жоспарлау, технико-тактикалық мазмұнның фитнеспен байланысы да талқыланады.

Оқыту барысында тыңдаушылар төрт топқа бөлініп, өздерінің әзірлеген жобаларын презентация түрінде қорғайды.

УЕФА «А» санаты бойынша бесінші оқу модулінің тыңдаушылары:

  • Ермек Шоқанов
  • Самат Наурызбаев
  • Ернар Омаров
  • Ерлан Тәукеев
  • Андрей Селиверстов
  • Азат Мырзағалиев
  • Наиль Галиев
  • Ринат Жиембеков
  • Ермек Темірзақов
  • Валерий Нестеренко
  • Рустам Бектимиров
  • Жандос Сарманов
  • Виталий Борманис
  • Серікбек Қаппаров
  • Мұрат Қаламбеков
  • Қайрат Белгібаев
  • Анатолий Зазуля
  • Асқар Айтбаев
  • Айдос Ахметбеков
  • Кадир Демиртас
  • Асхат Баймұлдаев
Бөлісу
Жоғары