Қазақстан WU-17 қыздар құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Қазақстан WU-17 қыздар құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

26 қыркүйек 2025, 10:28
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі дайындықты бастады.

Юлия Мамонова бастаған құрама Алматыдағы «Қайрат» футбол клубының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын барысында екі бақылау матчы жоспарланған.

Қазан айының 23-30 күндері Қазақстан WU-17 құрамасы Алматыда 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін қабылдайды. В лигасының 3 тобында Қазақстан Грузия, Босния және Герцеговина мен Латвия құрамаларымен кездеседі.

Қазақстан WU-17 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Ақнұр Жақсыкелді («Қайрат»), Қарақат Биғазиз («Ақтөбе»), Сабина Үсен («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Әмина Арманқызы («Ертіс»), Ксения Сандер, Владлена Гавриш (екеуі де – «Шахтер»), Назым Кулетова («Ақтөбе»), Тамила Бактиярова, София Яшкова (екеуі де – «Қайрат»), Адина Шуренова («Ордабасы»).

Жартылай қорғаушылар: Кәусар Алпысбай, Айя Муттари, Жания Махаш (бәрі – «Қайрат»), Анастасия Гордеева («Ертіс»), Амура Карабаева, Варвара Цой (екеуі де – «Тобыл»), Әсел Жолболат («Ұлытау»).

Шабуылшылар: Виктория Бахман («Алтай»), Зарэма Мақсот, Асыл Пазыл, Софья Рыбак (бәрі – «Астана»), Ангелина Остер («Қайрат»), Ару Ермағамбетова, София Ягудина, Ангелина Кленова (бәрі – «Қайрат»).

Бапкерлер штабы: Юлия Мамонова – аға бапкер, Ксения Постовая – аға бапкердің көмекшісі, Жанаргүл Шүйіншалиева – дене даярлығы бапкері, Алексей Булучевский – қақпашылар бапкері, Нұрдәулет Оразбек – бейнеоператор, Ботагөз Құсайынова – дәрігер, Лайла Есіжанова – массажист, Серік Жугралин – менеджер.

Бөлісу
Жоғары