Астанада УЕФА-ның «B» санатындағы бапкерлік курсының алтыншы модулі өтіп жатыр
03 қазан 2025, 15:00

Оқу екі ауысымда ұйымдастырылған: 1-3 қазан күндері бірінші топ дайындықтан өтті, ал 6-8 қазанда екінші топ оқуға кіріседі. Әр топта 25 маман қатысуда. Оларды Аслан Омарбеков, Григорий Чеш, Станислав Погорелов және Азат Мырзағалиев сынды нұсқаушылар оқытып жатыр.
Алтыншы модульдің тақырыптары: 3-2 аймағында қорғаныс құру принциптері, прессинг, белгілер және жаттығу процесінің құрылымы мен әдістемесі.
Қазақстан футбол федерациясы еуропалық стандарттарға сай бапкерлерді оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырып, олардың кәсіби өсуі мен елдегі футбол инфрақұрылымының дамуына ықпал етуде.
Жаңалықтар
02 қаз., 14:00
02 қаз., 11:06
01 қаз., 15:56
01 қаз., 13:45