Жеке футбол мектептері мен академияларының балалар-жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтетін орын белгілі болды

Жеке футбол мектептері мен академияларының балалар-жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтетін орын белгілі болды

03 қазан 2025, 14:50
Чемпионат Астана және Шымкент қалаларында ұйымдастырылады. Ол 26 қазанда басталып, 5 қарашаға дейін жалғаспақ.

Жарысқа 100-ге жуық команда, 1000-нан астам бала қатысады. Жеке мектептер мен академия тәрбиеленушілер алты жас санаты бойынша жарысады.

Финалдық ойындар мынадай кесте бойынша өтеді:

2008-2009, 2010, 2015-2016 жылы туған балалар 26 қазан – 1 қараша аралығында Шымкент қаласындағы «Цементник»(11х11) және «Биік»(6х6) стадионында ойнайды.

2011, 2012, 2013-2014 жылы туған балалар 26 қазан – 5 қараша аралығында Астанадағы «Футбол үйінде» (9х9) сайысады.

Чемпионат еліміздегі жас футболшылардың шеберлігін шыңдау, жеке футбол мектептері мен академиялары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ қазақстандық футболдың болашағын қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды. Бұған дейін іріктеу турнирі әр облыста өтіп, жеңімпаз командалар республикалық кезеңге жолдама алды. Енді олар өз өңірінің намысын қорғайды.

Бұл - мыңдаған жас футболшы үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы. Олар өз арманына аяқ басып, болашақта ұлттық құрама жейдесін киюге алғашқы қадам жасамақ.

Бөлісу
Жоғары