Астанада парафутболдан Para Football Bestival фестивалі өтеді

Бұл фестиваль спорт арқылы денсаулығында түрлі шектеуі бар адамдарды біріктіретін, өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатын ерекше алаң болады. Шара ерік-жігерді, батылдықты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетіп, адам мүмкіндіктерінің шексіз екенін дәлелдеуге бағытталған.
Фестиваль бағдарламасында:
ЦП-футболдан Қазақстан чемпионаты – сал ауруына шалдыққан спортшылар арасында (Шымкент, Тараз, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды және Павлодар командалары қатысады).
ҚФФ кубогы (Blind Football) – көру қабілеті толық немесе жартылай шектеулі спортшылар арасында (Алматы, Тараз, Қалалар альянсы, Алматы облысы, Астана және Түркістаннан қатысушылар).
Қазақстандағы инвафутбол тарихында алғаш рет рекордтық саны көп команда жиналмақ! Үздіктер Қазақстан ұлттық құрамаларына еніп, жоғары деңгейде халықаралық ареналарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады!
Para Football Bestival – адам ерік-жігерінің, күш-қуаты мен бірлігінің мерекесі!