BKS командасы – «Қазақстан әуесқой лигасының» алғашқы чемпионы
Қазақстан әуесқой лигасының ережесіне сәйкес, жеңіске жеткен командаға кәсіби футболға шығуға жол ашылады. Енді олар УЕФА Аймақтар Кубогында ел намысын қорғайды. Сонымен қатар, екі командаға 2026 жылғы Қазақстан Кубогы мен Екінші лигаға қатысу мүмкіндігі беріледі.
Чемпиондар мен финалистерден бөлек, әділ ойын көрсеткені үшін арнайы «Адал» жүлдесі Қарағанды облысынан келген «Абай» командасына табысталды.
Турнирде үздік ойын иелері келесідей номинациялармен марапатталды:
-
«Үздік сұрмерген»: Еламан Қалдыбек («НДФЗ», Тараз)
-
«Алтын бала» (Ең үздік жас ойыншы): Дәулет Досанов («Найза», Ақмола облысы)
-
«Үздік қақпашы»: Роман Багаутдинов (JelaevNAN, Орал)
-
«Үздік қорғаушы»: Александр Кислицын (RB Arman, Павлодар)
-
«Үздік жартылай қорғаушы»: Айдын Металлов (Barqy, Семей)
-
«Үздік шабуылшы»: Роман Павинич (BKS, Алматы)
-
«Үздік басшы»: Кенжалы Айдаров («НДФЗ», Тараз)
-
«Шебер» (Тәжірибелі үздік ойыншы): Дастан Айманов (Barqy, Семей)
-
Турнирдің ең үздік ойыншысы: Әли Сауранбаев (BKS, Алматы)
-
Финалдың MVP-сі: Ықылас Махамбетов (JelaevNAN, Орал)
-
«Үздік төрешілер»: Нұрсұлтан Әлібеков (Павлодар), Илашбек Орынбаев (Шымкент), Виктор Стасенко (Талдықорған)
1-8 қазан аралығында өткен финалдық кезеңге Қазақстанның барлық өңірінен 20 үздік әуесқой команда қатысып, барлығы 462 ойыншы бақ сынады.
«Қазақстан әуесқой лигасы» жобасы 2025 жылдың сәуірінде басталды. Іріктеу кезеңіне 20 өңірден 277 команда қатысып, жалпы ойыншылар саны 6 500-ден асты.