Руслан Балтиев: «Андоррадан жеңілу – мұқият талдауды қажет ететін дабыл»

– Бұл ойын нәтижесі біздің команданың ойындарын бақылап жүрген барша жанкүйердің көңіліне қаяу түсірді. Жеңіске жетуіміз тиіс қарсыластан жеңілу – бұл мұқият талдауды қажет ететін дабыл.
Мұндай сәтсіз нәтиже - ойыннан қорытынды шығарып, команданы нығайтуға берілген мүмкіндік. Біз ойынға жан-жақты талдау жасап, дайындық сапасы мен ойыншылардың психологиялық жағдайын бақылаймыз.
Жақында жаттығу процесін түзету және кейбір бағыттарды күшейту бойынша шаралар қабылданады. Команданың жеңуге әлеуеті бар, біз жігіттердің бұл сынаққа алдағы ойындарда лайықты жауап береріне сенеміз.
Футболшылар мен жаттықтырушылардан кәсібилікті күтеміз, сондай-ақ жанкүйерлердің қолдауына үміт артамыз. Бәріміз бірігіп, құрамадан күтілетін деңгейге қайта жетеміз деп сенемін.