Қазақстан әйелдер құрамасының Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі

Қазақстан әйелдер құрамасының Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі

15 қазан 2025, 17:00
Бас бапкер Мадияр Кембілов Әзербайжанмен өтетін жолдастқ матчтарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Жолдастық ойындар 24 және 27 қазан күндері Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Ұлттық құрама 15 қазан күні Шымкенттегі БИІК базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды. 

Ұлттық құрама сапына 25 ойыншы шақырылды.

Қақпашылар: Аружан Оразбекова («Люботин», Солтүстік Македония), Назым Исмайлова («Томирис-Тұран»), Әсел Ануарбек («Ұлытау»).

Қорғаушылар: Александра Бурова («БИІК-Шымкент»), Қазына Норбаева, Мадина Жанатаева (екеуі де – «Ақтөбе»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Карина Ботабек («Ұлытау»), Назерке Шалмұханбетова («Қызыл-Жар»), Кристина Шустова, Аделия Бекқожина (екеуі де – «Жеңіс»).

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Карина Берікова («Будучност», Черногория), Ксенья Хайрулина («БИІК-Шымкент»), Эльмира Абдулаева («Қайрат»).

Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әсем Қаражанова (екеуі де – «Ақтөбе»), Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия), Әсел Кубесова, Арайлым Орынбасарова (екеуі де – «Қызыл-Жар»), Анеля Мамырова («Елімай»).

Жаттықтырушылар құрамы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы бапкері, Мұрат Мұқашев – қақпашылар жаттықтырушысы, Тимур Қасымов – сарапшы-бапкер, Айдана Рамазанова – дәрігер, Рахат Наурзалиев – массажист, Максим Дудукин – массажист, Наталья Горенко – администратор, Әділет Досымжанов – кит-менеджер, Мақсат Әмірбай – бейнеоператор.

Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының матчтар күнтізбесі: 

24 қазан 2025 жыл | 19:00

Қазақстан W – Әзербайжан W

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Шымкент

27 қазан 2025 жыл | 14:00

Қазақстан W – Әзербайжан W

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Шымкент

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары