15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанды жеңді

15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанды жеңді

13 қазан 2025, 21:23
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстан U-15 командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Ойын Талғар қаласындағы ҚФФ Ұлттық құрамалар базасында өтті. Бірінші тайм тең дәрежеде өткенімен, үзілістен кейін қазақстандық футболшылар басымдыққа ие болды. 46-минутта Қайсар Әнуарбек есепті ашса, негізгі уақытқа қосылған минуттарда Бекнұр Нұрлан пенальтиден гол соғып, кездесудің қорытынды есебін тіркеді – 2:0.

Бұл жеңіс жас ойыншыларымыздың дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетіп, алдағы халықаралық турнирлер қарсаңында командаға қосымша сенім сыйлады.

Жолдастық кездесу

Қазақстан U-15 – Өзбекстан U-15  2:0

Голдар: 46’ Қайсар Әнуарбек, 80+4’ Бекнұр Нұрлан (пенальти)

ҚФФ Ұлттық құрамалар базасы, Талғар

Бөлісу
Жоғары