Астанада инклюзивті футбол турнирі өтті

Турнирге аутизм, Даун синдромы, ДЦП және басқа да ерекшеліктері бар еліміздің 10 аймағынан 90-ға жуық бала мен жасөспірім, сондай-ақ олардың ата-аналары мен жаттықтырушылары қатысты.
Жоба менталдық ерекшелігі бар балалардың спортқа тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп, оларды қоғамға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылды.
Турнир 5+1 форматында өтеді. Әр матчтың ұзақтығы — 15 минут.
Жоба авторы Шыңғыс Темірхановтың айтуынша, Uni football league аясында қатысушы балалардың дамуында оң динамиканы байқалады.
— Басында әрине, қиын болды, өйткені алғашқы жаттығуларда балаларды қолдарынан ұстап жүрдік. Ал қазір олар 10-12 жас аралығындағы жас футболшыларға арналған күрделі жаттығуларды орындай алады. Жалпы, осы жарыс үшін арнайы регламент әзірледік. Онда сары және қызыл қағаздар, өзге де жазалар қолданылмайды. Алаңда арнайы дайындықтан өткен, ерекше балалармен жұмыс тәжірибесі бар төрешілер жұмыс істейді,-деді Ш. Темірханов.
Жас футболшылар қолдауға ата-аналары келді. Олардың арасында алматылық Аплатон Даумов бар. Ол «Almaty Uni» командасының құрамында ойнайтын немері Абылай Даумовты қолдауға келді. Айтуынша, баланың ортаға бейімделуіне осындай жарыстардың септігі мол.
— Мен зейнеттемін. Қазіргі жұмысым немерелерімді осындай қосымшаларға апарып-әкелу. Бүгін осындай жарысқа қатысып жатқан Абылай немеремді қолдау үшін Алматыдан келіп отырмын. Жалпы немерем осында қатысқалы бері ортаға бейімделіп келеді. Бойынан оң өзгерістерді байқап жүрмін. Ерекше балаларды назардан тыс қалдырмай, осындай додаларды ұйымдастырғандары үшін бәріне алғыс білдіремін ,-деді А.Даумов.
«Taraz Uni» командасының жаттықтырушысы Ерлан Арғынбаев та доптың баланың менталды саулығына септігі мол.
— Алғашында, расымен, қиын болды. Балаларды көргенде ойнай ала ма, жоқ па деп ойландым. Басында олар доптың не екенін түсінбейтін. Қазіргі уақытта допты қабылдайды, пас береді. Футбол - баланың ойлау қабілетін арттырып, дамуына қосар пайдасы зор,-деді Е.Арғынбаев.
Қатысушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, ойында жеңімпаздар анықталмайды. Керсінше, барлық ойыншы бірдей медальдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
Бұл турнир Қазақстандағы инклюзивті қоғам мен спорттағы теңдікті насихаттауда маңызды оқиға болды.
«UNI Football League» жобасы 2023 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының, «Bolashak Charity» қоғамдық қорының серіктестігімен жүзеге асып келеді. Жоба Астана қаласы әкімдігі мен Испания Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.