Жаттықтырушыларға арналған «UEFA C Futsal» санаты бойынша курсқа қабылдау басталды

Оқуға қатысуға ниетті үміткерлер Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы «Техникалық орталық» бөлімінде тіркеу формасын толтырып, қабылдау талаптарына сай құжаттарды жолдауы тиіс.
Өтініштер 30 қазанға дейін қабылданады.
«UEFA C Futsal» курсына қатысатын жаттықтырушыларға қойылатын ең төменгі талаптар:
- Қазақ немесе орыс тілін меңгеруі;
- Тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы:
- Ойыншы немесе жаттықтырушылық тәжірибесі көрсетілген түйіндеме (резюме);
- Жеке куәлік немесе төлқұжат;
- Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтама;
- Сотталмағаны туралы анықтама;
- Футзал бойынша практикалық сабақтарға қатысуға медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы;
- Оқу барысында практикалық тапсырмалар мен бағалау кезеңдерінен өту үшін тиісті деңгейдегі командамен жұмыс жасау мүмкіндігінің болуы.
Қабылдау кезінде келесі азаматтарға басымдық беріледі:
А) ҚР чемпионатында U-17, U-19, U-15 және U-13 жас санатындағы командалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылар (аталған тәртіппен басымдық беріледі);
B) «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы білімі бар тұлғалар.
Талаптарға сай келмейтін жаттықтырушылардың өтініштерінде бос орын болған жағдайда кезек-кезегімен қаралады.
Курстың бағасы: 250 000 теңге.
Өтініштер қабылданып, оқу тобы құрылғаннан кейін курс өтетін күні мен уақыты қосымша хабарланады.