Ойын ережелеріне сәйкес «Қызылжар» – «Қайрат» матчындағы ойын сәттеріне түсіндірмелер

Ойын ережелеріне сәйкес «Қызылжар» – «Қайрат» матчындағы ойын сәттеріне түсіндірмелер

18 қазан 2025, 11:11
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лига 25-туры аясында «Қызылжар» – «Қайрат» матчындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады.

Қызылжар – Қайрат

68-минут – Орталық шеңбер маңында доп үшін екі ойыншы таласты. Допқа бір уақытта жеткен сәтте алаң иелерінің №21 ойыншысы аяғын жоғары (қарсыласының бас деңгейіне дейін) көтеріп, ол баспен ойнамақ болған кезде бутсасының шегесімен басына тиді. Бұл – айқын қауіпті ойын және дөрекі фол (қатты ереже бұзу).

Төреші оқиғаға өте жақын болып, дереу қызыл карточка көрсетіп, дұрыс шешім қабылдады.

VAR оқиғаны тексергеннен кейін араласпады – бұл да дұрыс шешім.

Төрешінің ойыншыға қызыл карточка көрсету туралы соңғы шешімі дұрыс.

90-минут – Қонақ команданың айып алаңында бірнеше ойыншы допқа таласты. Доп серпіліп, жоғары ұшты. Бір сәтке ойыншылар доптың орналасқан жерін байқамай қалды, ал доп төмен түскенде тікелей қорғаушы №25 ойыншының қолына тиді. Ойыншы допқа қараған жоқ, қолы денесіне жақын және қозғалысына сай табиғи жағдайда болды (бұрылу кезінде).

VAR оқиғаны тексергеннен кейін араласпады – бұл дұрыс шешім.

Төрешінің ойынды жалғастыру туралы соңғы шешімі – дұрыс.

Бөлісу
Жоғары