Қазақстан WU-19 құрамасы Шымкентте Үндістан құрамасына қарсы ойнайды

Қазақстан WU-19 құрамасы Шымкентте Үндістан құрамасына қарсы ойнайды

20 қазан 2025, 15:53
Қарашада 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Үндістанның 20 жасқа дейінгі қыздар құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді.

Жанна Мальгаждарованың шәкірттері Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл жиын Еуропа чемпионатына (WU-19) іріктеу кезеңі аясындағы матчтарға дайындық ретінде ұйымдастырылды. Іріктеу ойындары қарашаның соңында және желтоқсанның басында өтеді.

Оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан WU-19 әйелдер құрамасы Үндістанның 20 жасқа дейінгі қыздар құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Бұл ойындар 25 және 28 қазанда өтеді.

Қазақстан WU-19 қыздар құрамасына 25 ойыншы шақырылды:

Қақпашылар: Дидар Нәкен («Жеңіс»), Балауса Серікбай («Тобыл»), Аяна Тоқтарова («Қайрат»).

Қорғаушылар: Айзада Әділбек, Рамина Омарова, Ажар Шөкетаева (бәрі – «Астана»), Нұрсая Сұлтан («Ұлытау»), Дарья Толкачёва, Виктория Цыганова (екеуі де – «Қайрат»), Аружан Сәдуақасова («Томирис-Тұран»).

Жартылай қорғаушылар: Анель Досболова, Виктория Пересунько, Жанель Таласбаева (бәрі – «Қайрат»), Айсана Зекен («Астана»), Элина Ирисметова, Диана Сабыр ( (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Елизавета Медведева («Ертіс»), Диана Нұрқабаева («Тобыл»), Анеля Мейманбай («Қайрат»).

Шабуылшылар: Жансезім Айсапар («Ұлытау»), Эльнура Катран («Томирис-Тұран»), Назым Алданазар, Томирис Рахатжан, Полина Тучина (бәрі – «Қайрат»).

Бапкерлік штаб: Жанна Мальгаждарова – аға бапкер, Сюзанна Корнецова – бапкердің көмекшісі, Константин Котов – фитнес-жаттықтырушы, Алина Овчинникова – қақпашылар жаттықтырушысы, Азамат Оспанов – дәрігер, Лилия Каримова – массажист, Бақдәулет Алтынбеков – бейнеоператор, Әлім Қайрлы – администратор, Серік Жүғалин – менеджер, Игорь Шпанера – нұсқаушы.

Бөлісу

Жаңалықтар

17 қаз., 11:11
Жоғары