Жеке футбол мектептері мен академияларының балалар-жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты басталды

Жеке футбол мектептері мен академияларының балалар-жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты басталды

26 қазан 2025, 15:20
Чемпионат Астана және Шымкент қалаларында өтіп жатыр. Ол 5 қарашаға дейін жалғасады.

Жеке мектептер мен академия тәрбиеленушілер алты жас санаты бойынша жарысады. Финалдық кезеңге 50-ден астам команда мен 900-ден астам жас футболшы қатысады.

Барлық ойын Қазақстан футбол федерациясының  KFF Jastar ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Финалдық ойындар мынадай кесте бойынша өтеді:

2008-2009, 2010, 2015-2016 жылы туған балалар 25 қазан – 2 қараша аралығында Шымкент қаласындағы «Цементник»(11*11) және «Биік»(6*6) стадионында ойнайды. 

2011, 2012, 2013-2014 жылы туған балалар 26 қазан – 5 қараша аралығында Астанадағы «Футбол үйінде» (9х9) сайысады.

Чемпионат еліміздегі жас футболшылардың шеберлігін шыңдау, жеке футбол мектептері мен академиялары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ қазақстандық футболдың болашағын қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.

Бұқаралық футбол департаментінің директоры Никита Мозговой турнирге қатысушылар арасында оң динамика бар екенін айтты.

«Қазіргі уақытта жекеменшік футбол мектептері мен академиялары арасындағы чемпионаттың іріктеу кезеңі 9 мың қатысушыны қамтыды. Мысалы, былтыр 16 өңірде өткізіліп, оған 6 200 бала қатысты. Байқағаныңыздай, футболдың танымалдығы артып келеді, әсіресе жеке мектептер арасында. Барлық команда мен қатысушыларға сәттілік тілеймін. Ең мықтысы жеңеді деп сенемін!», деді Н.Мозговой.

Айта кету керек,  іріктеу кезеңі еліміздің 18 өңірінде өтіп, оған 500-ден астам команда және 9 мыңнан астам ойыншы қатысты.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары