Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді
22 қазан 2025, 16:18

Кездесу бейтарап алаңда, Хорватияның Пула қаласындағы «Алдо Дросина» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Бұл ойын Қазақстан құрамасы үшін биылғы соңғы матч болмақ. Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 15 қарашада Бельгия құрамасына қарсы үйдегі ойыннан үш күннен кейін өтеді.
Алдағы матч Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы төртінші ресми кездесу болмақ. Бұған дейінгі үш ойында Қазақстан құрамасы бір рет жеңіске жетіп, бір рет тең ойнап, бір мәрте жеңілді.
Жаңалықтар
17 қаз., 11:11
16 қаз., 18:39