ALAÑ: Жалағаш ауданында футбол алаңы пайдалануға берілді

ALAÑ: Жалағаш ауданында футбол алаңы пайдалануға берілді

29 қазан 2025, 16:54
Қазақстан футбол федерациясының ALAÑ жобасы аясында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы Наркескен спорт клубының алаңы қайта жаңғыртылды. Бұл – аталған бағдарламамен реновацияланған алғашқы стадион алаңы. 

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚФФ жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының директоры Бақытжан Пазылхайыр, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген Б.Пазылхайыр аудан тұрғындарын ұлттық мереке Республика күнімен тұспа-тұс келген нысанның ашылуымен құттықтады. 

«Барлық спорттың негізі – инфрақұрылым. Талантты балалардың өсуіне, жоғары жетістіктерге жетуі үшін осындай алаңдар, үлкен спорт кешендері қажет. Бүгінде Қазақстан футбол федерациясы республика бойынша осындай тоғыз алаңды жаңартуда. Бүгін сондай ауқымды жұмыстарымыздың бірін көріп отырсыздар. Жалпы аймақтың спорт саласында 20-ға жуық спорт нысандары пайдалануға беріліп жатыр. Күні-кеше Қызылорданың сол жағалауынан «Қайсар арена» стадионын іске қосып, оған халықаралық сарапшылар жоғары баға берді. Дәл осындай жағдай жасалып жатқан өңірде болашақ чемпиондар да көп болады деп сенемін», деді Б.Пазылхайыр. 

Жаңартылған алаңға заманауи CCGRASS компаниясының жоғары сапалы жасанды төсенішітөселді. Бұл FIFA Preferred Provider сертификатына ие, УЕФА талаптарына сай келеді. Аталған төсеніш түрлі ауа-райына төзімді, ойыншыларға жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ кез келген деңгейдегі жарыстар өткізуге болады. 

Айта кету керек, бұл – еліміз бойынша ALAÑ жобасы аясында ашылған он сегізінші алаң. Жыл соңына дейін осындай төрт алаң пайдалануға беріледі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары