Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші себетке түсті
4 қараша күні Швейцарияның Ньон қаласында әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Қазақстан әйелдер құрамасы С лигасында 2 себетке түсті.
1-себет: Босния және Герцеговина, Венгрия, Румыния, Беларусь, Хорватия, Грекия;
2-себет: Кипр, Косово, Әзірбайжан, Фарер аралдары, Қазақстан, Эстония;
3-себет: Литва, Армения, Болгария, Молдова, Солтүстік Македония, Грузия;
4-себет: Андорра, Лихтенштейн, Гибралтар.
C лигасында 21 құрама бақ сынайды. Іріктеу жүйесі 2025 жылғы УЕФА Әйелдер Ұлттар лигасының қорытындысына сәйкес қалыптастырылған лигалық формат негізінде жүзеге асады.
Қазақстан құрамасы өз лигасындағы қарсыластарымен алты матч өткізеді. УЕФА ережесіне сәйкес, ойындар келесі халықаралық терезелерде өтеді:
-
1 және 2-тур: 2026 жылғы 24 ақпан - 7 наурыз;
-
3 және 4-тур: 2026 жылғы 7 - 18 сәуір;
-
5 және 6-тур: 2026 жылғы 1 - 9 маусым.