Александр Кеплин УЕФА Жасөспірімдер Лигасының «Трабзонспор» – «ХИК» матчына делегат болып тағайындалды
                    01 қараша 2025, 16:38
                
                                    
                                            Ойын 5 қараша күні сағат 20:00-де Трабзон қаласындағы «Шенол Гюнеш» стадионында өтеді.
Александр Кеплин – Қазақстан футбол федерациясының сыртқы байланыстар және өңірлік қатынастар департаментінің директоры. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап УЕФА матчтарының делегаты болып келеді.
Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.
Жаңалықтар
29 қаз., 16:54
                                
                            28 қаз., 16:30