Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) құрамы жарияланды
                                            Команданың оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласы «Қайрат» футбол клубының базасында өтуде. Құрама сапына 36 ойыншы кірді.
Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»), Мадияр Төлеубек («Ertis»), Махмуджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»);
Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков (барлығы – «Қайрат»), Марк Богаачев, Хасен Артурұлы (екеуі де – «Ақтөбе»), Айдын Есболов («Ордабасы»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Әлихан Жексенбек, Абзал Сағын (екеуі де – «Астана»), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Темірлан Төребек («Ertis»);
Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәлі Әбіш, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (барлығы – «Қайрат»), Әли Ақылбаев, Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Ербол Құрманахан («Жетісу»), Руслан Рахметов («Ertis»), Азамат Мусаев («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Мақсат Абраев, Ален Пак, Даниял Назаров (бәрі – «Астана»);
Бапкерлер құрамы:
Кирилл Кекер – бас бапкер,
Сергей Лабодовский – бас бапкердің көмекшісі,
Егор Скулкин – дене дайындығы бойынша бапкер,
Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері,
Алексей Анкудинов – бейнеаналитик,
Айдар Шабанбай – дәрігер,
Жансұлтан Сәтмағамбет – массажист,
Рахат Әкімқұл – менеджер,
Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.
Еске сала кетейік, қарашада Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында алғашқы ойындарды бастайды. Матчтар Нидерландта өтеді. Кирилл Кекер шәкірттерінің қарсыластары – Нидерланд, Кипр және Ирландия құрамалары болады.