Қазақстан әйелдер құрамасының 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды
04 қараша 2025, 17:33
Фото: UEFA
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы «C» лигасының 6-тобында ойнайды. Біздің команда бұл кезеңде Беларусь және Армения құрамаларымен кездеседі.
Әлем чемпионатының іріктеу ойындары 2026 жылдың ақпан айында басталады. УЕФА бекіткен күнтізбеге сәйкес матчтар келесі аралықтарда өтеді:
- 1-2 турлар: 24 ақпан - 7 наурыз 2026 жыл;
- 3-4 турлар: 7 - 18 сәуір 2026 жыл;
- 5-6 турлар: 1 - 9 маусым 2026 жыл.
Ойындардың нақты кестесі кейінірек жарияланады.
Жаңалықтар
03 қар., 15:10