2028 жылға қарай Премьер-лигадағы легионерлер саны сегіз ойыншыға дейін қысқарады

2028 жылға қарай Премьер-лигадағы легионерлер саны сегіз ойыншыға дейін қысқарады

04 қараша 2025, 11:55
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі кәсіпқой футболдың дамуы жөнінде баяндама жасады.

Биылғы маусым көрермендер саны бойынша рекорд жаңартты: Қазақстан Премьер-лигасының ойындарын шамамен 1 миллион жанкүйер тамашалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ке көп. Ал барлық кәсіби лиганың жалпы көрермен саны 2 миллионға жуықтап, тарихи көрсеткішке жетті.

2026 жылдан бастап Премьер-лигадағы клубтар саны 14-тен 16-ға дейін артады. Ал 2028 жылға қарай легионерлер лимиті біртіндеп 12-ден 8 ойыншыға дейін қысқарады.

Сондай-ақ Қазақстан УЕФА клубтар рейтингінде 39-орыннан 34-орынға көтеріліп, соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижені көрсетті.

2025 жылы әйелдер арасындағы толыққанды кәсіпқой лига ашылды. Бұл жарыста 14 команда бақ сынады. 

2025 жылы ұлттық құраманың өз алаңындағы матчтарына 80 мыңнан астам жанкүйер келді.  2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгияға қарсы ойын маусымның қорытынды матчы болмақ.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары