ҚФФ U-16 академиясы Бішкекте өткен халықаралық Talents Cup турнирінде жеңімпаз атанды
07 қараша 2025, 12:00
Фото: KFU
Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген командалар қатысты. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр команда бір-бірімен бір реттен кездесті.
ҚФФ U-16 академиясы алғашқы ойында Тәжікстан құрамасымен 3:3 есебімен тең түссе, ал екінші кездесуде Қырғызстан құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл матчта голдарды Никита Лисохмар, Платон Шипицин және Ануар Төленді соқты.
Турнирдің қорытынды нәтижесі бойынша 4 ұпай жинаған ҚФФ U-16 академиясы бірінші орын алса, Тәжікстан U-16 екінші, ал Қырғызстан U-16 құрамасы үшінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ, ҚФФ U-16 академиясының екі футболшысы турнирдің үздіктері қатарына кірді: Давид Заречный – үздік ойыншы, Абай Заманбек – үздік қақпашы атанды.