ҚАЗАҚСТАН U-17 ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМАСЫ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНДЕ ХОРВАТИЯНЫ ЖЕҢДІ
Бауыржан Сағындық жаттықтыратын қазақстандық команда турнир иелері Хорватия құрамасына қарсы алаңға шықты.
Ойын 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Гол соққандар: Ислам Рақым мен Расул Акимов. Ал хорваттар сапынан Юрай Фриган пенальти сериясында гол соқты.
Айта кету керек, қарсылас команда матч соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болды, алайда Лука Бартолович тағы бір пенальтиді жүзеге асыра алмады.
Қазақстан U-17 құрамасы іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 14 қарашада Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді.
Хорватия U-17 – Қазақстан U-17 – 1:2
Голдар: Фриган 33 (пен.) – Рақым 2, Акимов 45
Соғылмаған пенальти: Бартолович 57
Ескертулер: Юсупбеков 43, Рақым 60, Жұмабек 78, Досан 88, Азатқазы 88, Бейбітов 90+7
Хорватия U-17: Лойен (қ), Трупчевич, Сабо, Бельян (Чинеду Эчуе 70), Крешич (Миличич 46), Фриган (к) (Беадер Траяновски 80), Модрич (Саблич 46), Келава, Жужич Шкафар, Дедич, Черич (Бартолович 46);
Қосалқы құрам: Грачанин (қ), Янич, Слатина, Зирдум.
Аға бапкер: Сретен Чук.
Қазақстан U-17: Серікбай (қ), Авасханов, Рақым (Ханафи 64), Азатқазы, Балтабаев (Бейбітов 78), Жайлаубек, Әкімов (Жылқайдар 64), Юсупбеков, Жұмабек, Орынбасар (к) (Досан 84), Черноморец (Дайрабай 78);
Қосалқы құрам: Килджиев (қ), Әмренов, Ахмет, Яковлев.
Аға бапкер Бауыржан Сағындық.
Төрешілер: Оскар Юнсон, Даниэль Инг (екеуі де - Швеция), Росс Нелсон, Росс Харди (екеуі де - Шотландия).
11.11.2025. «Спортпарк Трате», Неделишче, Хорватия.