ПСЖ президенті Нассер әл-Хелаифи ҚФФ кеңсесіне келді
10 қараша 2025, 17:30
Ол ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездесіп, Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ Нассер әл-Хелаифи Қазақстан футбол федерациясының музейіндегі ел футболының тарихына арнап қойылған экспозициялармен танысты. Кейін «Астана» және «Жеңіс» футбол орталықтарының тәрбиеленушілерімен кездесіп, естелік суретке түсті.
Бағдарлама соңында «Пари Сен-Жермен» президенті «Астана Арена» стадионынының инфрақұрылымымен танысты.
Жаңалықтар
08 қар., 18:46
07 қар., 16:40