Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
Кирилл Кекер жаттықтыратын Қазақстан U-19 құрамасы өз тобының алғашқы турындағы матчта Ирландия құрамасын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Кездесу Нидерландтағы Sportpark Vondersweijde стадионында өтті.
Ойынның тағдырын екінші таймдағы жалғыз гол шешті. 56-минутта команда капитаны Азамат Тұяқбаев есеп ашып, Қазақстанды алға шығарды.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 15 қараша күні Кипр U-19 құрамасына қарсы өткізеді.
Ирландия U-19 – Қазақстан U-19 – 0:1 (0:0)
Гол: Тұяқбаев 56
Алаңнан қуылды: Махаметжан 90
Ирландия U-19: Джилл (Қ), Роше (К), МакГлинчи, Иган, Отегбайо, Куинн, О’Салливан, Очоа, Кайлоус, Оладиити, Олувабийи..
Қосалқы құрам: Шрёдер (Қ), Мюррей, Лински, Бреннан, Симуню, Мур, Кизенга, Муллиган, МакКарти..
Аға бапкер: Том Мохан:
Қазақстан U-19: Қалмырза (Қ), Ташпулатов, Сағын, Базарбаев, Ақылбаев, Әбіш, Қалықұлов, Бірқұрманов, Тұяқбаев (К), Бекболат, Петрик.
Қосалқы құрам: Реймов (Қ), Төребек, Төлеухан, Жексенбек, Нұрғали, Бақытжанов, Қалиев, Назаров, Махаметжан.
Аға бапкер: Кирилл Кекер.
Төрешілер: Бенце Сонка, Норберт Борнемисса (екеуі де – Венгрия), Марко Риббинк, Томас Хардеман (екеуі де – Нидерланд).
12.11.2025. «Спортпарк Вондерсвейде», Ольдензаал, Нидерланд.