Талғат Байсуфинов: Қарсылас қандай болса да, жігіттер өз ойынын ойнайды
Бәріміз ойынды күтіп отырмыз. Дайындықты 3 қарашадан бастадық. Муроджон Халматов ауырып қалуы себепті үйіне жіберілді. Қалған 32 адам құрамаға жиналды. Жаңа ойыншылардың да перспективасын көрдік. Құдайға шүкір, жігіттер ойынға дайын. Біз өз ойынымызды көрсетеміз. Қарсылас қандай болса да қорғаныста ғана емес, шабуылға да ойнаймыз.
Бельгия құрамасымен қонақтағы ойында 6:0 есебімен ойсырата ұтылдық. Бельгия әлем чемпионы болуға лайық құрамалардың бірі. Оларға қарсы өз ойынымызды ойнау үшін қарсыластың қандай әлсіз тұстары бар. Ертеңге қандай жоспар дайындадыңыздар?
Жігіттер бірінші ойында жақсы ойнады, бірақ қарсыластың қақпаға соққан әр голы кірді. Алайда Македониямен ойында гол соғуға талай мүмкіндік келсе де, болмады. Ал бұны қалай түсінуге болады? Сәттілік пе, жоқ па дегендей ғой. Бірінші ойынды да, Македониямен ойынды да көрдік. Қандай жағдай болса да біз өз ойынымызды ойнаймыз. Бірақ Бельгияның ойнауға қандай мүмкіндік берері қызық. Өз ойынымызды ойнау жігіттерге де сенімділік береді. Жоспарымызды дайындап қойдық. Исламбек Қуат сары қағаздың көптігінен осы ойынды өткізеді, сол қиындық келтіріп отыр. Десе де оны алмастырар ойыншы дайындадық. Қарсыласпен қиын ойын болады, бірақ өз жоспарымыздан аттамаймыз. Жаттығу кезінде жігіттермен ақылдасып, А жоспарын да, Б жоспарын да көрсеттік. Ойыншы ойын тонусын сақтап, турнирлерде ойнап жүр. Қазақстан ұлттық құрамасы сенсация жасамағалы көп болды. Ертең болады деп үміттенемін.
Сіздің ұлттық құрамадағы ең үлкен матчыңыз Украинаға қарсы болды, екеуінде де тең түстік. Сол матчта Стас Покатилов керемет сейвтер жасады. Қақпашы тек қапаны қорғамай, шабуылды да бастайды. Ертең қақпаға кім тұрады? Бұған қоса, жаңа есімдер таныла ма?
Әли Ханалиұлы құраманы жасарту кезінде жас ойыншыларды көп іздеп, жақсы жұмыс істеді. Алда екі ойын күтіп тұр. Құрамында жас ойыншылар да, жаңа ойыншылар да бар. Әрине, ротация болады. Оларға да уақыт беру керек. Дәурен Жұмат Македонияға қарсы бірінші рет алаңға шықты, бірақ уайымнан ойыны келісе қоймады. Ал қақпашыға келсек, бірінші кезекте ойын тонусын жоғалтпағандарға назар қойылады. Кешке жиналып, құрам бойынша ақылдасамыз.
Ұлттық құрамаға шақырылған құрамды көрдік. Өткен ойында Дінмұхамед Қашкен шақырту алды. Осы жолы оның орнына Талғат Кусяпов келді. Қашкен «Ұлытауда» 5 матч, «Жетісуда» 8 матч өткізіп, бір гол соққан. Ал Кусяпов биыл 5 ойын ойнаған. Қорғаушыларды шақырғанда қандай статистикаға қарайсыз? Екеуінде қандай айырмашылық бар?
Ешқандай статистикаға қараған жоқпыз. Өткен ойында Сергей Малыйда да, Ұлар Жақсыбаевта да жарақат болды. Сондықтан оң жақпен ойнайтын орталық қорғаушы керек екенін түсіндік. Димаш туралы ақпарат берген кезде барлық талапқа сай келді. Сол үшін аванс бойынша шақырдық. Онымен сөйлесіп, бәрін түсіндірдік. Қазір оң жақпен ойнайтын қорғаушылар матчқа дайын. Бізге сол аяқпен ойнайтын қажет. Осы себепті, Сағадат пен Талғатты шақырдық. Олар жарақат себебінен өткен ойындарға қатыспағанын білеміз. Клубтардың дәрігерімен сөйлескенде 1 қарашадан бастап дайын болатынын айтты. Әліптен басқа ол позицияға ойыншы жоқ екенін түсініп отырмыз. Қазір төрт қорғаушыға шығып отырмыз. Түгеліне аванс қайта бердік. Ауыр атмосфера сезіледі.
Дастан Сәтпаев ертеңгі ойынға дайын ба? Алаңнан көреміз бе?
Дастанның жарақаты бар. Оны клуб та, біз де білеміз. Онымен келісімге келдік. Барлық жаттығуды жасайды, кейін ауыру сезінсе ашық айтып, алаңға шықпайды. Мәселе болса бірден айтуын сұрадық. Бізде шабуылшылар бар. Ал ойынға дайын болса өзіне жақсы. Алдымен ұлттық құрама, екіншіден мықты қарсыласпен ойнағаны резюмесіне жақсы. Оны қазір бәрі қарап жүр, өзін жақсы жағынан көрсету керек.
Джереми Доку туралы не ойлайсыз?
Соңғы ойынын көрдік, кейін аздап мәселе тудырды. Одан қашқанмен кетіп қалмайды.Сол үшін кәсіби түрде біз де, ол да ойын көрсетеді. Біздің ойымызша, жігіттер мықты футболшыларға қарап ашылады. Бізде де мықты ойыншылар бар. Алаңда біздің жігіттерге де неге солай ойнамасқа? Тек Доку емес, барлық құрама ойыншылары жақсы.