Дінмұхамед Қараман: Ертеңгі ойынға 100% дайынбыз
Ойынға дайындық жақсы өтіп жатыр. Жігіттер де ертеңгі матчқа 100% дайын. Өз ойынымызды ойнаймыз, нәтиже Алланың қалауымен болады.
Бельгия мықты құрама екенін білеміз, тартысты ойын өтпек. Ертеңгі ойынға футболшылар қандай көңіл-күйде шығасыздар? Киім ауыстыру бөлмесіндегі атмосфера қандай?
Бельгия ТОП-10 тізімдегі команда. Бізге де ойынның қалай өтері қызық. Бірақ, өз ойынымызды сақтаймыз. Талғат Маруаұлы қойған ойынды ойнаймыз. Киім ауыстыру бөлмесіндегі атмосфера тамаша. Жігіттер ойынға дайын.
Кәсіби ойыншылар айтады ғой, «бір күн жаттықпасақ, өзімізді нашар сезінеміз» деп. Сіздегі көңіл-күй қалай? Соңғы Македонияға қарсы ойында үздік ойыншы атандың. Алда негізгі құрамда көреміз деп ойлаймыз. Исламбек Қуатта сары қағаз бар, қасыңда кіммен ойнаған қолайлы?
Иә, чемпионат ерте бітті. Алайда біздің жаттықтырушылар штабы бізді ойынға дайындады. Олардың өз жоспары бар, соны тыңдап, жасап жатырмыз. Ертеңгі ойынды мен шешпеймін, бас бапкер қабылдаған шешімге қарай болады.
Соңғы уақытта Асхат Тағыбергенді ұлттық құрамаға қайтару туралы әңгімелер жүріп жатыр. Сіз ол ойнаған орталық қорғаушы позициясын толық алып шыға алам деп ойлайсыз ба?
Асхат ең мықты ойыншылардың бірі болды. Бірақ құрамадағы ойынды аяқтау туралы өзі шешім қабылдады. Біздің алға қойған мақсаттарымыз, жаңа ойыншыларымыз бар. Жастар өсіп келе жатыр. Алда қандай өзгерістер боларын көреміз.