Талғат Байсуфинов: Әлем чемпионатына іріктеу кезінде жігіттер сәтті ойын көрсетті деп білемін

Талғат Байсуфинов: Әлем чемпионатына іріктеу кезінде жігіттер сәтті ойын көрсетті деп білемін

15 қараша 2025, 21:40
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Бельгиямен кездесіп, 1-1 тең есеппен аяқталды. Матчтан кейін бас бапкер Талғат Байсуфинов баспасөз конференциясын өткізіп, ұлттық құраманың іріктеу кезеңіндегі ойындарын қорытындылады.

Елімізде чемпионат аяқталса да, құрамаға жігіттерді жинап, олардың ойын деңгейін салыстырып, резерв қалыптастырып, осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Ойынға баршаңыз куә болдыңыз. Жігіттерімізді тіл-көзден сақтасын. Керемет көңіл-күйдеміз. Ертең жаттығу жасап, жолға шығамыз. Алда Фарер аралдарымен өтетін жолдастық матч күтіп тұр. Бүгін де қорықпай, алаңға Арсен Әшірбекті шығардық. Әдемі ойын көрсетті. Соңғы ойынға тұрақтылық пен тәртіпті сақтауымыз керек. 

Кешегі баспасөз мәслихатында тосынсый дайындап отырмыз деп айтқан болатынсыз. Сол Еркін Тапаловтың артқы жартылай қорғаушы болып, Максим Самородовтың еркін стильде ойнауы болды ма?
 
Сіздің сұраққа қарап, ойынды жақсы тамашалағаныңыз мені қуантып отыр. Қарсылас Доку екі жақтан да келерін түсіндік. Артқы шепке Дамир Қасаболат, не Георгий Жуков деп ойлап едік. Бірақ Еркінді жастар құрамасында жүргенінде артқы тірекке қабілеті болған соң,тәуекел еттік. Қазір ол «Қайратта» оң жағында ойнап жүр. Онымен сөйлесіп, екі жаққа да ойнайсың деп айттық. Ол алға кеткенде Оразов алмастырып отырды. Максимге алда үш шабуылшы бар, сен артқа көмектесесің деп айттық. Алайда, максимально шабуылшы болып, шабуылға ойнаудың да қажетін жеткіздік. Бірінші таймнан кейін үзілісте Ғалымжан мен Дастан кішкене шаршап қалғанын, екінші таймда ауыстыруын сұрады. Сол кезде олардың орнына Арсенді дайындадық. Оның негізгі позициясы қорғаушы болғанмен, шабуылға ебі бар.  Ал ол әңгімені Нұралы естімеген еді. Ойыншы ауысқаннан кейін ол маған жүгіріп келіп: Маруаұлы, қорғаушылармен алға қалай ойнаймыз деп сұрады. Сондай қызықтар болды (күліп). 

Бүгінгі жеңіспен құттықтаймын. Алаңда әлемнің сегізінші құрамасы қай түсті жейдеде ойнап жатқанын ажырату қиын болды. Бұған дейін Бельгия құрамасының бас бапкері Темірлан Анарбековті біздің құрамдағы ең үздік ойыншы ретінде атап өткен еді. Алдағы кездесуге Анарбеков бара ма?

— Егер қарсылас тараптың бапкері осылай айтып жатса, қазір оған біздің қақпашыны мақтау әлдеқайда жеңілірек әрі ыңғайлы. Бірақ мен оның расымен де өте жақсы жұмыс жасағанын жоққа шығармаймын. Дегенмен, гол соғуға жігіттердің бәрі де өз үлесін қосты. Мұнда айта кететін жайт, оның болашағына қатысты әңгіме болған. Жақында  басшылықпен «алдымен осы екі ойынды аяқтайық, содан кейін құраманың болашағы жөнінде сөйлесеміз» деп келістік. Барлық жоспарды, перспективаларды толық талқылауға шын мәнінде уақыт болған жоқ. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Марат Талғатұлы мен Давид Григорьевичке маған артқан сенімі үшін алғыс айтқым келеді. Осындай жауапты сәтте таңдау жасағандары үшін ризамын. Бізге қандай жауапкершілік жүктеліп тұрғанын жақсы түсіндік. Әли Ханалиұлы құраманы жасарту бойынша батыл қадам жасады, біз оны қолдауымыз керек болды. Қазіргі нәтиже — өзіміз көріп отырғанымыздай, жанкүйерлер тек есепке ғана емес, ойын философиясына, жігіттердің жанкештілігіне риза. Бұл бізге сенімділік береді. Сондықтан біз жасақтау жұмыстарын жалғастырып, болашағы бар жастарды тартуды жалғастыруымыз қажет. Қазіргі кезде құраманың жағдайына жасалған барлық мүмкіндік лайықты деңгейде, жігіттер де оны көріп отыр. Осыған байланысты ашық түрде айтарым, жолдастық матчқа 23 ойыншы тіркелді. Басшылықпен кеңесе отырып, «Қайрат» ойыншыларын біраз демалту дұрыс болады деп шештік. Олар өз міндетін адал атқарды. Егер оларға аздап үзіліс берсек, бұл дұрыс қадам болады деп ойлаймын. Ойынға шығатын жігіттер бар, Арсен бүгін соны дәлелдеді, тағы да алаңға шығуға дайын тұрған жігіттер бар. Сондықтан Анарбеков пен Сәтпаевты үйлеріне жібертеміз. Яғни, олар қалпына келу үшін демалыс алады.

Бүгінгі матчта Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін аяқтады. Осылайша, ұлттық құраманың іріктеудегі барлық ойынын қалай қорытындылайсыз?

Әрине, біріншіден нәтиже. 5 ұпай алып отырмыз, ол да біржағынан жақсы. Цикл басында Лихтенштейнді ұтып, өз ұпайымызды алып отырамыз деді, дұрыс па?! Бірақ соны орындадық, ал қанша ұпай жинадық? Екіншіден, цикл басталғалы әр ойын сайын гол соғуға бірнеше сәт болды? Уэльспен, С.Македониямен үйде ойнағанда қаншама гол соғар сәт келді? Жалпы ұтуға болушы еді, бірақ басталған жұмысты жалғастырдық. Барлық ойынға қарап, 10-нан 8 ұпай беруші едім. 


Ұлттық құраманың жанкүйерлері сіздің бас бапкер болғаныңызды қалайды. Бізге шетелдік маман келгені дұрыс па, әлде отандық маманды қалайсыз ба? 

Мен әр сөзімде тек жергілікті мамандарды қолдаймын. Енді мен осы жерде отырмын, өз өзімді қолдаймын ба(күліп)? Екі ойынды өткізген соң, сөйлесеміз қалай боларын. ҚФФ басшылары арнайы стратегия дайындап жатыр. Олардың келгеніне бір жыл да болмады. Қалай болары маған да қызық. Қазір ұлттық құрамаға академия, база салайын деп отыр. 

Сіз бастаған цикл бұл бұрыннан басталған бағыттың жалғасы. Бірақ сіз «революция жасадық» деп айттыңыз. Бастапқы дұрыс бағыт Әли Ханалиұлы бастаған бапкерлік штаб таңдаған жол еді. Қазір ол сіздің қасыңызда отыр, ойыншылармен де сөйлесіп жатыр. Сонда бұл расында революция болды ма? Екі ТОП команда Солтүстік Македония мен Бельгиямен тең ойнауға не себеп болды? Мұндай нәтиженің «фишкасы» неде?

«Уақыты келді» және «революция жасадық» деген сөз құраманы жасарту және басқа да өзгерістер туралы айтылған алғы сөздің формулировкасы. Сондықтан, әрине, бастапқы ой мен стратегия осы бағытты қолдау болатын. Біздің ең үлкен проблемамыз «жаңа сыпырғы өзше сыпырады» дегендей, әр жаңа келген адам бәрін басынан өзгерткісі келеді. Бір бағытты бастаймыз да, жолдың ортасында басқа жаққа бұрылып кетеміз. Сол себепті, мені дандайсыған деп ойламасаңыз, сұрағыңызға бір нақылмен жауап берейін: Нәтиже неден туындайды? Дұрыс қабылданған шешімнен. Дұрыс шешім қайдан туады? Тәжірибеден. Тәжірибе қайдан келеді? Қателіктен, сүрінуден, талдаудан. Сондықтан сүрініңіз, шешім қабылдаңыз, түзетіңіз, талдаңыз, сонда ғана табыс келеді. Осы сұраққа қайта оралатын болсақ, қазіргі жағдайға қарап, жанкүйерлер нәтиже жағынан да, ойын формасы жағынан да өзгерісті көріп отырғанын ескерсек, бұл шешімнің дұрыс болды деп ойлаймын. Ал одан кейін біз өз тәжірибемізбен қателіктерді талдап, түзетіп, жұмысты жалғастыра береміз. Өйткені уақыт келді. Құраманы жасартатын кез келді. Ең бастысы — бұл жас буын үшін өте үлкен үлгі. Жас футболшыларға мотивация. Қазір 23-тегі, 25-тегі, 27 жастағы ойыншылар да жарқ етіп, ұлттық құрамаға жол тауып жатыр. Ел басшылығы да жергілікті ойыншыларды көбірек тарту бағытын ұстанып отыр. Футбол орталықтары, академиялар жұмыс істеп жатыр, бірінші лига мен Премьер-лигада жас балалар көп тәжірибе алып жүр. Бұл процестер іске қосылды. Сондықтан менің ойымша, ұлттық құрама мұның бәрінен тек ұта түседі.

Ислам Чесноков қызыл қағаз алған кезде қарсыластың бапкеріне не айттыңыз? 

Мен бір сұхбатымда айтқам, біз төбелеске шыққанда үлкендерміз рух беріп қолдап отырады деп (күліп). Сол сияқты, жас ойыншыларды да солай қолдаймыз. Ойын сәтінде бүкіл орындықтағы ойыншылар орнынан тұрып, Исламға жүгіргенде мен қалай өзімді ұстап тұрамын? Не айтқаным есімде жоқ, бірақ олар да түсінген жоқ (күліп).

Ұлттық құрамаға бас бапкер болу туралы ұсыныс түссе, оған жүрегіңіз не дейді?

Мен қазақпын. Ал ұлттық құрама деген ұлттық құрама. Футболды түсінетін жігіттер қазір федерацияда жұмыс істеп жүр. Сіз де Марат Талғатұлының қандай қолдау көрсетіп жатқанын көріп жүрсіз. Менің көмегім керек болса, әрине, көмектесемін.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары