Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиямен тең түсті
Ойынның басы-ақ қарқынды басталды. 9-минутта Дастан Сәтбаев Бельгия қақпасының жақын бұрышын дәл көздеп, қақпашыны қапы қалдырды. Артынша Ғалымжан Кенжебек сол қапталдан Бельгия қорғаушыларынан сытылып өтіп, қақпаның алыс бұрышына допты шиыра тепті. Алайда қарсылас қақпашысы допты қағып алды.
Екінші тайм бастала салысымен бельгиялықтар теңестіруге мүмкіндік тапты. Ойынның 48-минутында Ханс Ванакен айып алаңындағы шабуылдың қорытынды нүктесін қойып, есепті 1:1-ге жеткізді.
Матч аяқталуына 10 минут қалғанда Қазақстан құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылды. Дегенмен таблодағы есеп өзгермей, матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Қазақстан – Бельгия – 1:1
Гол соққан: Сәтбаев 9 – Ванакен 48
Ескертулер: Тапалов 29, Сәтбаев 46, Қайыров 69, Байсуфинов 78, Анарбеков 84 – Онана 40
Алаңнан қуылды: Чесноков 79
Қазақстан: Анарбеков (Қ), Вороговский, Қасым, Әліп (К), Қайыров, Тапалов (Жуков 90+2), Оразов (Қасабулат 90+1), Самородов (Қараман 80) – Кенжебек (Әшірбек 57), Чесноков, Сәтбаев (Свиридов 56);
Қосалқы құрам: Сейсен (Қ), Шайзада (Қ), С.Астанов, Малый, Жагоров, Э.Астанов, Жумат;
Бас бапкердің м.а.: Талғат Байсуфинов.
Бельгия: Селс (Қ), Сейс (де Кейпер 81), де Винтер, Теате, Кастань, Раскин (Верман 89), Онана (Тилеманс 71), Ванакен, де Кетеларе (Опенда 71), Доку, Троссар (Салемакерс 71);
Қосалқы құрам: Ламменс (Қ), Вандевоордт (Қ) – Мехеле – Витсель, Люкебакио, Ванхаутте, Морейра;
Бас бапкер: Руди Гарсия.
Төрешілер: Донатас Румшас, Александр Радиус, Довидас Сужеделис, Робертас Валиконис (бәрі – Литва).;
15.11.2025. «Астана Арена», Астана. 28 012 көрермен.