Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы алғаш рет Еуропа чемпионатына іріктеудегі элиталық кезеңге шықты

Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы алғаш рет Еуропа чемпионатына іріктеудегі элиталық кезеңге шықты

19 қараша 2025, 02:00
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңін аяқтады.

Соңғы ойында Кирилл Кекердің командасы Кипр құрамасымен кездесуде 1:1 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Мансұр Бірқұрманов соқты.

Үш ойыннан кейін Қазақстан U-19 құрамасы 4 ұпай жинап, 1-топта екінші орын алды және алғаш рет өз тарихында элиталық іріктеу раундына жолдама алды. Элиталық раунд ойындары 2026 жылдың наурызында өтеді.

Келесі кезеңнің жеребесі 10 желтоқсанда тартылады.

Қазақстан U-19 – Кипр U-19 – 1:1

Голдар: Бірқұрманов 4 – Циорцис 59
Ескертулер:
Қалиқұлов 45, Базарбаев 47, Әбіш 52, Қалмырза 60, Нұрғали 78 – Циорцис 52, Теодосиу 52, Михалас 56, Николау 60, Скафи 67, Петусис 70, Евангелу 72.

Қазақстан U-19 құрамасы:

Қалмырза (қақпашы), Қалиқұлов, Базарбаев, Қалиев, Ташпұлатов, Ақылбаев, Әбіш, Петрик (Махаметжан 71), Тұяқбаев (к) (Жексенбек 85), Бекболат (Нұрғали 46), Бірқұрманов (Төлеухан 65).

Резерв: Реймов (қ/қ), Сағын, Төребек, Бақытжанов, Назаров.
Бас бапкер: Кирилл Кекер.

Кипр U-19 құрамасы:

Михос (қ/қ), Петусис, Лисандру, Скафи, Пападопулос, Псилогенис (к) (Циорцис 46), Михалас (К.Панаги 71), Николау (Христофору 62), Лоукайдис (Евангелу 46), Теодосиу, П.Йоанну (Харалампус 46).

Резерв: С.Панаги (қ/қ), К.Йоанну, Евстатиу, Ваттис.
Бас бапкер: Валентинос Кулунтис.

Төрешілер: Данило Николич (Сербия), Никола Антич (Сербия), Марко Риббинк (Нидерланды), Томас Хардеман (Нидерланды).

18 қараша 2025 жыл. «Спортпарк Вондерсвейде» Олдензаал, Нидерланды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары