УЕФА «С», «B», «B-Goalkeeper», «A» және «Pro» санаттарындағы жаттықтырушы лицензияларын ұзарту туралы хабарландыру

УЕФА «С», «B», «B-Goalkeeper», «A» және «Pro» санаттарындағы жаттықтырушы лицензияларын ұзарту туралы хабарландыру

27 қараша 2025, 17:12
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамдылық мерзімі аяқталған немесе аяқталатын УЕФА-ның «С», «B», «B-Goalkeeper», «A» және «Pro» санаттарындағы жаттықтырушы лицензияларын ұзарту және біліктілікті арттыруға арналған жыл сайынғы міндетті курстардың өтетінін хабарлайды.

Лицензияны ұзарту және біліктілікті арттыру курсына қатысуды растау үшін 12 желтоқсанға дейін Қазақстан футбол федерациясының сайтындағы  «Техникалық орталық» бөліміне төмендегі құжаттарды жүктеу қажет:

  • жеке куәлік көшірмесі;
  • диплом мен УЕФА лицензиясының көшірмесі;
  • 2025 жылы ҚФФ ұйымдастырған кемінде 15 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өткенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда);
  • сотталмағаны туралы анықтама;
  • наркологиялық диспансер мен психикалық денсаулық орталығынан анықтама.

Өтінім беру тәртібі:
    1. Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына кіру.
    2. «Техникалық орталық» бөліміне өту.
    3. Қажетті санатты таңдап, «Лицензияны ұзарту» опциясын таңдау және қажетті құжаттарды жүктеу.
    4. Анкетаны толтырғанда «Жаттықтырушы лицензиясын ұзарту» деген бөлімді міндетті түрде белгілеу.

Лицензияны ұзарту және біліктілікті арттыру курстарының құрылымы:
Курс екі кезеңнен тұрады:
    1.    Бірінші кезең - 2026 жылы қаңтарда Zoom платформасында онлайн форматта өтеді.
    2.    Екінші кезең - 2026 жылы қаңтарда Астана қаласында офлайн форматта ұйымдастырылады.

Курстың өту уақыты құжат қабылдау аяқталғаннан кейін және топтар жасақталған соң қосымша хабарланады.

Лицензияны ұзарту құны:

    •    УЕФА «Pro» лицензиясы — 150 000 теңге
    •    УЕФА «A» лицензиясы — 120 000 теңге
    •    УЕФА «B» лицензиясы — 100 000 теңге
    •    УЕФА «B-Goalkeeper» лицензиясы — 100 000 теңге
    •    УЕФА «C» лицензиясы — 75 000 теңге

Егер ҚФФ-ның кемінде 15 сағаттық біліктілік арттыру курсынан өткен сертификаты ұсынылса, жеңілдетілген баға қолданылады:

    •    УЕФА «Pro» — 37 500 теңге
    •    УЕФА «A» — 30 000 теңге
    •    УЕФА «B» — 25 000 теңге
    •    УЕФА «B-Goalkeeper» — 25 000 теңге
    •    УЕФА «C» — 18 750 теңге

Курс барысында жол ақысы, тамақтану және тұру шығындары тыңдаушылардың өз есебінен төленеді.

Байланыс телефоны:

Качановский Роман Евгеньевич — +7 705 534 59 83 (жұмыс күндері 09:00–18:00).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары