Мелани Паули: «Жаттығу принциптері әйелдер футболының ерекшеліктерін ескеруі керек»

Мелани Паули: «Жаттығу принциптері әйелдер футболының ерекшеліктерін ескеруі керек»

06 желтоқсан 2025, 15:50
УЕФА техникалық нұсқаушысы Мелани Паули Астанада әйелдер командаларының физикалық даярлық бапкерлеріне арналған семинар барысында футболшыларды дайындау, маусымға жоспар құру және жарақаттың алдын алу жөніндегі негізгі тәсілдерімен бөлісті.

Осында келгенімізге қуаныштымыз. Қазақстанға екінші мәрте келуім. Бүгін жаңа маусымға дайындықты жоспарлау мен бағдарламасын жасау бойынша сұрақтарға көп көңіл бөлдік. Сондай-ақ ойыншыларды дамытуға жергілікті мүмкіндіктерді қалай тиімді қолдануға болатынын талқыладық. Қай әдіс ойыншылардың сапасын да, өнімділігін де арттыра алатынын анықтау үшін әр түрлісін сынап жатырмыз. Ертең әйелдер футболында өте маңызды бағыттың бірі жарақаттың алдын алу тақырыбымен байланыстырамыз. Біздің міндет – жаттықтырушы дайындық кезінде нені өзгерте алатынын қандай тәсілдер жас ойыншыларды дамытуға көмектесетінін түсіну. Бұған қоса, әйелдер футболының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ұзақ мерзімді өсу жолын қалай дұрыс қалыптастыруға болатынын түсіну.

Әзірге мұнда жиналған мамандар туралы нақты баға беру қиын, өйткені олардың практикалық жұмыстарын толық көріп үлгермедік. Бірақ топта түрлі мамандар жұмыс істеп жатыр: фитнес-нұсқаушылар, физикалық дайындық бойынша бапкерлер , бас бапкерлер де бар. Бұл процесті өте құнды етеді, өйткені ең бастысы – бірге жұмыс істеу. Маған топтың қарқыны ұнап жатыр: қатысушылар белсенді сұрақ қойып, ойландырып қояды. Бәсекелестік сезімі жоқ, бәрі бір-біріне құрметпен қарайды. Бұл – таза тәжірибе алмасу, әркім өз жағдайында негізгі фитнес қағидаларын қалай қолдануға болатынын талқылайды. Әр маман – өз ортасында кәсіби адам. Осындай бірлескен жұмысты өте жоғары бағалаймын.

Қазір УЕФА фитнес-жаттықтырушыларды дайындау бағдарламаларын белсенді дамытып жатыр. Оның ішінде UEFA B Fitness және UEFA A Fitness лицензиялары бар. Мен де осы бағдарламаларды әзірлеген жұмыс тобының құрамында болдым, Қазақстан 2026 жылдың сәуірінде UEFA B Fitness лицензиясы бойынша оқытуды бастамақ. Бұл – өте жақсы жаңалық. Себебі футбол индустриясының талаптары, әсіресе әйелдер футболында жылдам өсіп келеді. Ерлер футболында 25 жылда болған өзгерістер әйелдер футболында 5-7 жылда болып жатыр. Сол себепті сапалы білім, кәсіби мамандар – ойыншылардың әлеуетін толық ашуға және жарақаттың алдын алуға қажетті факторлар.

Әрине, ерлер мен әйелдер футболында айырмашылықтар бар. Бірақ кез келген дайындықтың ортасында – адам тұр. Біз ұқсас болғанымызбен қозғалысқа әсер ететін, ал ол қозғалыс жарақат түріне әсер ететін нюанстар бар. Сондықтан дайындық жасқа, жынысқа, деңгейге, кәсіби статусқа қарай бейімделуі тиіс. Тек әйелдерге немесе тек ерлерге арналған арнайы жаттығулар жоқ, ең маңыздысы - жаттықтырушы кіммен жұмыс істеп жатқанын жақсы түсінуі.

Ертең біз осы кішкентай, бірақ өте маңызды айырмашылықтарды талқылаймыз. Айта кетейін, қыздарға арналған жаттығулардың көпшілігі ұлдарға да жарай бергенімен, бірақ керісінше әрдайым келе бермейді. Бұл - жаттықтырушылар міндетті түрде білуі керек негізгі жайт.

Бөлісу

Жаңалықтар

01 жел., 10:46
Жоғары