Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының Еуро-2026 іріктеуінің кезеңіне арналған себеттер анықталды

Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының Еуро-2026 іріктеуінің кезеңіне арналған себеттер анықталды

08 желтоқсан 2025, 10:10
10 желтоқсанда Ньон қаласында 2026 жылғы 17 және 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаттарының іріктеу кезеңдерінің соңғы жеребелері өтеді.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бірінші раундтың нәтижесінде A лигасының екінші кезеңіне өтті. Дәл осы раундта Эстонияда өтетін Еeро-2026 финалына жолдама беретін жеті орын сарапқа салынады. Матчтар 2026 жылдың көктемінде өтеді.

Қазақстан U-17 құрамасы A лигасының екінші себетіне түсті.

A лигасы:
1-себет: Испания, Чехия, Бельгия, Германия, Исландия, Ирландия, Швеция
2-себет: Түркия, Франция, Португалия, Черногория, Словакия, Кипр, Қазақстан
3-себет: Аустрия, Шотландия, Греция, Хорватия, Италия, Сербия, Словения
4-себет: Норвегия, Польша, Дания, Румыния, Швейцария, Солтүстік Ирландия, Солтүстік Македония

Ал Қазақстан U-19 құрамасы A лигасының үшінші себетіне түсті:

A лигасы:
1-себет: Испания, Чехия, Италия, Англия, Германия, Украина, Хорватия
2-себет: Нидерланд, Австрия, Түркия, Франция, Португалия, Румыния, Дания
3-себет: Финляндия, Бельгия, Норвегия, Греция, Словакия, Польша, Қазақстан
4-себет: Швеция, Сербия, Солтүстік Ирландия, Латвия, Венгрия, Словения, Швейцария

Жеребе қорытындысы бойынша жеті топ құрылады. Әр топтың жеңімпазы Уэльс құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының финалына өтеді. Элиталық раундтың мини-турнирлері 2026 жылдың 23-31 наурызы аралығында өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары