Наоми Датсон: «Жаттығуды дұрыс жоспарлау – нәтижеге тікелей әсер етеді»
– Біз екі күн бойы Қазақстанда әйелдер футболындағы физикалық дайындық тақырыбында воркшоп өткізіп жатырмыз. Осында болу – біз үшін үлкен құрмет. Бүгінгі күні біз негізінен маусымға дайындықты жоспарлау, жаттығу процесін ұйымдастыру және физикалық дайындыққа арналған тесттерге көңіл бөліп жатырмыз.
Ертең физикалық тесттерді жалғастырып, спортшылардың жеке дайындығы мен әйелдер футболымен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Бұған дейін біз Қазақстанға UEFA Share бағдарламасымен келгенбіз. Сол кезде түрлі елден мамандар жиналып, фитнес дайындығы туралы тәжірибе алмасқан болатын. Ал бұл жолғы воркшоп әйелдер командаларымен жұмыс істейтін қазақстандық жаттықтырушылар мен физикалық дайындық мамандарына арналған.
Теориямен қатар, воркшопта практикалық бөлім өте көп. Түрлі тапсырмалар, тәжірибелік жаттығулар мен шағын челлендждер де қарастырылған.