Йозеф Климент: «УЕФА ҚФФ-мен өзара ынтымақтастықты жоғары бағалайды»

Йозеф Климент: «УЕФА ҚФФ-мен өзара ынтымақтастықты жоғары бағалайды»

10 желтоқсан 2025, 17:10
ҚФФ-ның кезекті XXIX Конференциясында сөз сөйлеген УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар жөніндегі кеңесшісі Йозеф Климент УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы өзара іс-қимыл стратегиялық маңызға ие екенін және нығайып келе жатқанын атап өтті.

«Мұнда қайта келгеніме қуаныштымын және УЕФА президенті Александер Чефериннің, сондай-ақ Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы әкімшілігінің ең жылы сәлемін жеткізгім келеді.

Премьер-лига клубтарын жекешелендіру жобасының сәтті іске асырылып жатқанын білемін. Бұл қазақстандық командалардың жоғары деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Федерация президенті өз баяндамасында өзге де маңызды бастамалар жүзеге асып жатқанын айтты. Футбол инфрақұрылымы да тұрақты түрде дамып келеді. Алаңдар жаңғыртылып, үкіметпен бірлесіп ірі стадиондар салу жобалары жасалуда.

Біз мұны өте жағымды белгі деп санаймыз, өйткені инфрақұрылым жас ойыншылардың, оның ішінде ұлдар мен қыздардың дамуына жағдай жасайтын негізгі фактор. Бұл сондай-ақ ірі халықаралық жарыстарды өткізуге қажетті құрал. УЕФА 2027 жылы 19 жасқа дейінгі футзал ойыншылары арасындағы Еуропа чемпионатын ұйымдастыру құқығын сіздердің федерацияға тапсырды. Тарихта алғаш рет ұлттық құрамалардың турнирін қабылдайсыздар.

Инфрақұрылым мен басқару процестері дами түскен сайын сіздер болашақта бұдан да ауқымды футбол жарыстарын қабылдарыңызға сенемін. Бұл жолда УЕФА әрқашан қолдауға дайын, әрі біз өзара ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз», деді Климент.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары