Қазақстан U17 құрамасының ЕУРО-25/26 іріктеуіндегі қарсыластары анықталды
10 желтоқсан 2025, 16:21
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Чехия, Аустрия және Даниямен 4-топқа түсті.
Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Данияда өтеді.
28 құрама жеті топқа, жолдама үшін бақ сынайды. Финалдық кезең 25 мамыр – 7 маусым 2026 аралығында Эстонияда өтеді.