Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчына тағайындалды
11 желтоқсан 2025, 12:32
Матч 11 желтоқсан күні Еревандағы Республикалық стадионда өтеді.
Кездесудің бас төрешісі болып Болат Сәриев тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Арман Исмұратов атқарады.
VAR жүйесінде Австриядан Мануэль Шюттенгрубер, ал AVAR міндетінде қазақстандық Айдын Тасыбаев жұмыс істейді.
Сондай-ақ бұл ойында стадион директоры қызметін ҚФФ өкілі Уәлихан Байтақов орындамақ.
Жаңалықтар
10 жел., 17:30