Қазақстандық маман «Қайрат» U-19 - «Олимпиакос» U-19 матчында ресми бақылаушы болды

Қазақстандық маман «Қайрат» U-19 - «Олимпиакос» U-19 матчында ресми бақылаушы болды

12 желтоқсан 2025, 11:00
Қазақстанның тәжірибелі төрешілер нұсқаушысы Павел Салий Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы «Қайрат» U-19 – «Олимпиакос» U-19 ойынында ресми бақылаушысы болып жұмыс істеді. Ойын 9 желтоқсанда «Астана Арена» стадионында өтті.

Павел Салий матч кезінде төрешілердің жұмысын жан-жақты бағалап, УЕФА стандарттарына сай  орындалуын қадағалады. Бұдан бұрын да Павел Салий бірқатар маңызды еуропалық ойында бақылаушы ретінде жұмыс істеп, өз кәсібилігімен танылған.

Матчты Грузиядан келген төрешілер бригадасы басқарды. Ал отандық маман Данил Гордаға төрешілер бригадасына қолдау көрсету міндеттерін алып, төртінші төреші қызметін атқарды. 

УЕФА тарапынан жасалған бұл тағайындау қазақстандық мамандардың халықаралық футбол қауымдастығында жоғары бағаланатынын көрсетеді. 

Осындай халықаралық ойындарға отандық мамандардың тағайындалуы еліміздегі төрешілер корпусының деңгейі артқанын айқындайды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары