ҚФФ өкілдері Эр-Риядта өтіп жатқан FIFAe Football Esports Summit саммитіне қатысуда
Саммитте Қазақстан футбол федерациясының атынан стратегиялық офицер Арсен Ахат пен халықаралық департаменттің аға менеджері Әбілмансұр Әбділманов қатысуда.
Іс-шара аясында eFootball-ды дамыту, киберспортты ұлттық футбол экожүйесіне енгізу, сондай-ақ FIFA-ның футбол киберспорты саласындағы халықаралық жарыстар мен платформаларды қалыптастыруға арналған стратегиялық тәсілдері талқылануда.
ҚФФ-ның бұл саммитке қатысуы федерацияның жаңа даму стратегиясының бір бөлігі саналады.
Аталған стратегия аясында Қазақстанда eFootball бағытын жүйелі түрде дамыту және елімізді FIFAe аясындағы ресми халықаралық турнирлерде таныту жоспарланып отыр.
Қазақстан футбол федерациясы eFootball-ды футболды кеңінен насихаттауға, жас аудиторияны тартуға және FIFA-ның цифрлық экожүйесінде Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік беретін бағыт ретінде қарастырады.