ҚФФ Техникалық даму комитетінің отырысы өтті
Отырыста ҚФФ-ның бекітілген Техникалық стратегиясы жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Техникалық даму — федерация қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл ұлттық құрамалармен жүйелі жұмыс, бапкерлерді даярлау, бұқаралық және әйелдер футболын дамыту арқылы көрініс табуда.
Комитет жас ойыншыларды дамыту үшін неғұрлым тұрақты жағдайлар қалыптастырудың маңыздылығын және жасөспірім футболшылардың ойын тәжірибесін арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
Сондай-ақ әйелдер футболын жүйелі түрде әрі қарай дамыту қажетті ерекше атап өтілді. Бұл бағытта дайындық стандарттарын арттыру, халықаралық тәжірибені кеңейту және тұрақты кадрлық ортаны қалыптастыру маңызды саналады.
Талқылау қорытындысымен Техникалық даму комитеті ұлттық құрамалардың өнеріне төмендегідей баға берді:
-
Ұлттық құрама (A) — қарсыластар деңгейі мен жарыс жағдайларын ескере отырып, команданың ойыны қанағаттанарлық деп танылды.
-
U-19 жасөспірімдер құрамасы өте жақсы нәтиже көрсетіп, қойылған спорттық міндеттерді орындады және оң динамика байқатты.
-
U-17 жасөспірімдер құрамасының өнері өте жоғары бағаланды: команда барлық мақсатты толық орындап, халықаралық аренада жоғары бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.
-
Әйелдер ұлттық құрамасының (A) өнері әлсіз деп танылды: турнир қорытындысымен команда жоспарланған нәтижелерге қол жеткізе алмады.
-
Қыздар U-19 құрамасыынң қорытынды орын мен көрсеткен ойын сапасын ескере отырып, өнері де әлсіз деп бағаланды.
-
Қыздар U-17 құрамасының өнері қанағаттанарлық деп танылды: команда маңызды халықаралық тәжірибе жинақтады, бұл алдағы прогрестің негізі болуы тиіс.
Комитет ұлттық құрамалардың өнеріне берілген жария баға спорттық нәтижелер мен жарыстар логикасына негізделгенін және футбол қауымдастығы мен жанкүйерлер арасындағы диалог пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Толық техникалық талдау федерацияның ішкі жұмысында алдағы шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады.