Щучинск қаласында футзалдан Қазақстан чемпионатының төрешілеріне арналған оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Щучинск қаласында футзалдан Қазақстан чемпионатының төрешілеріне арналған оқу-жаттығу жиыны аяқталды

16 қаңтар 2026, 16:50
Щучинск қаласында футзалдан Қазақстан чемпионатының төрешілеріне арналған оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Жиынға 24 төреші қатысты. Онда арбитрлер физикалық даярлық бойынша кешенді тексеруден өтті. Ойын ережелері мен жарыс регламенті бойынша тест тапсырды, сондай-ақ теориялық сабақтарға қатысты.

Сонымен қатар, өткен турлардағы матчтарға бейнеталдау жүргізіліп, негізгі төрешілік шешімдер талқыланды және Ойын ережелеріндегі өзгерістер мен толықтырулар қарастырылды. Сабақта артықшылық қағидатын қолдану, қолмен ойнау эпизодтарын түсіндіру және бірыңғай көзқарас пен түсіндіруді талап ететін өзге де ойын жағдайлары талданды.

Бөлісу
Жоғары