Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады

Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады

03 ақпан 2026, 11:00
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 19-24 ақпан аралығында Минскте (Беларусь) өтетін Даму Кубогы халықаралық турнирінде ойнайды.

Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары Базасында өтеді.

Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан мен Минск құрамасы.

Командалар екі топқа бөлінеді. «А» тобында біздің команда Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамаларымен ойнайды. «В» тобы Беларусь U16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей командаларынан тұрады.

Даму Кубогы-2026 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):

19 ақпан (бейсенбі)

12:30 Минск құрамасы U17- Қазақстан U17 
14:50 Әзербайжан U17 - Ресей U17  
17:10 Беларусь U16 - Өзбекстан U17 
20:00 Беларусь U17 - Тәжікстан U17 

 

20 ақпан (жұма)

13:00 Минск құрамасы U17 - Тәжікстан U17 
15:20 Әзербайжан U17 - Өзбекстан U17 
17:40 Беларусь U16 - Ресей U17 
20:00 Беларусь U17 - Қазақстан U17 

 

21 ақпан (сенбі)

13:00 Қазақстан U17 - Тәжікстан U17  
15:20 Ресей U17 - Өзбекстан U17 
17:40 Беларусь U16 - Әзербайжан U17 
20:00 Беларусь U17 - Минск құрамасы U17 

 

23 ақпан (дүйсенбі)

12:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

14:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

16:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

19:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары