УЕФА «Pro», «A» және «В» санатындағы бапкерлік лицензияны ұзарту курсы өтті
Оқыту футбол жаттықтырушыларының кәсіби деңгейін арттыруға бағытталды.
Курс онлайн және офлайн(резиденттік) екі модульден тұрды. Тыңдаушылар ҚФФ-ның даму және білім беру философиясымен танысып, жас футболшылардың техникалық-тактикалық әрекеттерін оқыту және жетілдіру бағытындағы білімдерін жетілдірді.
Күннің екінші жартысында тыңдаушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданып, әдістемелік тәсілдер мен ойын жаттығуларын пысықтады.
Аталған курс УЕФА «Pro» санатындағы бас бапкерлер үшін команда басқару, ойын моделін қалыптастыру және стратегиялық жоспарлау бағытында өзекті. «A» санатындағы жаттықтырушылар үшін жаттығу процесін құрылымдау мен ойыншылардың жеке дамуына басымдық берілсе, «B» санаты жас футболшылармен жұмыс істеудің базалық қағидаларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Осылайша, оқыту барлық деңгейдегі бапкерлердің кәсіби сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Мұндай курстар жаттықтырушылық білімді жүйелі дамытуға, сондай-ақ жас футболшыларды даярлау сапасын арттыруға және ұлттық футболдың тұрақты дамуына ықпал етеді.