Аян Әлжанов УЕФА Жасөспірімдер Лигасы матчына делегат болып тағайындалды

Аян Әлжанов УЕФА Жасөспірімдер Лигасы матчына делегат болып тағайындалды

03 ақпан 2026, 15:19
Қазақстандық маман Аян Әлжанов УЕФА Жасөспірімдер Лигасының 1/16 финалы аясындағы «Динамо Киев» (Украина) мен «Атлетико» (Испания) арасындағы матчқа делегат болып тағайындалды.

Ойын 4 ақпан күні сағат 14:00-де Түркияның Анталья қаласындағы «Мардан Спорт Комплекс» стадионында өтеді.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары