Алматыда Uni Football инклюзивті жоба аясында жолдастық матч өтті

Алматыда Uni Football инклюзивті жоба аясында жолдастық матч өтті

04 ақпан 2026, 11:50
Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен, «Милосердие» қорының шақыруымен Uni Football инклюзивті футбол жобасы аясында жолдастық матч ұйымдастырылды.

Жолдастық матчта Uni Football Astana командасы мен Аружан Саинның «Милосердие» қоры командасы кездесті. Uni Football Astana командасын алаңға лига жетекшісі Шыңғыс Темірханов бастап шықты. Матчқа барлығы 12 ойыншы қатысты.

Іс-шара ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді спорт арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу, командалық рухты қалыптастыру және өз-өзіне деген сенімді арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Футбол тек спорт түрі емес, қарым-қатынас, өзара қолдау мен ортақ құндылықтарды біріктіретін маңызды құрал ретінде ұсынылды.

Жолдастық кездесуде қатысушылар бірлікті, тәртіпті және ойынға деген жоғары ынтаны көрсетті. Мұндай жобалар балалардың физикалық дамуына ғана емес, тұлғалық қалыптасуына да оң ықпал етеді.

 

Бөлісу
Жоғары